Процесс барысында 19 маусымда жәбірленуші деп танылған марқұм Томиристің әкесі күдікті Александр Пактан 100 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Прокурор Әлібек Күмісбеков өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Алайда күдіктінің адвокаты өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
Еске салайық, бұған дейінгі сот процесінде тағы бір жәбірленуші пайда болды. Ол жол апатында қаза тапқан Томиристің әкесі. Судья оны жәбірленуші деп тану туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.
Ол күдікті Пакқа кешірім бермейтінін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 21 наурызға қараған түні болды. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.




