"Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын!" – деп жазды мемлекет басшысы.
Тоқаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Президент көңіл

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Ұқсас материалдар

Саясат
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң нормалары түсіндірілді
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Алматыда мемлекеттік қызмет жаңғырады: Дархан Жазықбай реформаларды таныстырды
Todayinfo редакциясы·

Саясат
Құрылтай, Вице-Президент және Халық Кеңесі: жаңа заңдар күшіне енеді
Айғаным Нариманова·