Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құтты

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі. Фото: Ақорда

Ұқсас материалдар

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады · Todayinfo