Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев БАӘ Президентіне қоңырау шалды: Қажет болса, көмектесуге дайынбыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, көмек ұсынды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тоқаев БАӘ Президентіне қоңырау шалды: Қажет болса, көмектесуге дайынбыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ қарулы қақтығыс кезінде БАӘ-нің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.

"Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын", – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы БАӘ-нің азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуылдарды қатаң айыптау керегін атап өтті.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруге көмек көрсетуге ниет білдіргені үшін ризашылығын білдірді.

Әңгіме соңында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растап, қасиетті Рамазан айында халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар