Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тоғай ағаштарын кесіп, отынға сатқан - «Ертіс орманының» бұрынғы директоры сотталды

"Ертіс орманы" серіктестігінің бұрынғы директоры ағаш кесіп, отын ретінде сатқаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Todayinfo Stan.kz - ке сілтеме жасап. Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Ертіс орманы" қорығының бұрынғы бас директоры мен

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Тоғай ағаштарын кесіп, отынға сатқан - «Ертіс орманының» бұрынғы директоры сотталды

"Ертіс орманы" серіктестігінің бұрынғы директоры ағаш кесіп, отын ретінде сатқаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Todayinfo Stan.kz - ке сілтеме жасап.

Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Ертіс орманы" қорығының бұрынғы бас директоры мен үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Сотталушыларға ағаш ұрлау, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу сынды айыптар тағылды.

Тергеушілердің мәліметінше, іс бойынша айыпталушылар 2022-2023 жылдар аралығында отын мен өндірістік ағашты желеу етіп, ормандарды кесіп, сатуды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын шамамен 153 миллион теңге болған. 

Ұқсас материалдар

Тоғай ағаштарын кесіп, отынға сатқан - «Ертіс орманының» бұрынғы директоры сотталды · Todayinfo