Text-to-video: Қазақстандық Higgsfield AI стартапы $100 млн инвестиция тартты
Қазақстаннан шыққан Higgsfield AI стартапының құны қазірдің өзінде 100 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Компания жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, толықтай мәтіннен сапалы бейне контент жасайтын бірегей платформа ұсынуда. Енді бірнеше парақ сценарий немесе қа

Қазақстаннан шыққан Higgsfield AI стартапының құны қазірдің өзінде 100 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Компания жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, толықтай мәтіннен сапалы бейне контент жасайтын бірегей платформа ұсынуда. Енді бірнеше парақ сценарий немесе қарапайым идеяны бейнежобаға айналдыруға болады, деп хабарлайды Todayinfo.
Higgsfield AI әзірлеген жүйе қысқа роликтерден бастап, толыққанды сериалдар мен фильмдерге дейін автоматты түрде өндіріп бере алады. Бұл технология контент жасаушыларға, шағын студияларға және жеке жобаларға жылдам әрі шығынды азайтып, бейнеөнім шығару мүмкіндігін сыйлайды. Стартаптың «қалтадағы Голливуд» атанып кетуі де тегін емес – платформада авторлар қазірдің өзінде сериалдар жариялап үлгерген.
Higgsfield AI-дың басты ерекшелігі – бейне өнімнің сапасы. Актерлік көріністерден бастап, дыбыстық сүйемелдеу мен визуалды эффектілерге дейін жасанды интеллект мұқият құрастырады. Нәтижесінде көрермен жоғары сапалы бейнені тамашалай алады. Қазақстандық бұл бірегей жоба жаһандық медиа нарығына тың серпіліс әкелуде және отандық ІТ-стартаптардың бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
Ұқсас материалдар

Технология
В Минэкологии прошло торжественное мероприятие, посвященное Дню эколога
Жаннұр Еділбаева·

Технология
Елімізде IT-экспорты бес есеге өсіп, 1,1 млрд долларға жетті
Айдар Керім·

Технология
Runway AI Google-мен бәсекеге түседі: «әлем модельдерін» құруға бағытталды
Todayinfo редакциясы·

Технология
5G желісінің жаңа мүмкіндіктері: Қазақстандағы диапазон іздеу неге артты?
Мейіржан Әуелханұлы·