Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Тергеудегі экс-директор: «1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғысы келді»

Астана қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы директоры Мұрат Оразбаев 1 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқыру әрекеті туралы мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Тергеудегі экс-директор: «1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғысы келді»

Астана қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы директоры Мұрат Оразбаев тергеу изоляторынан даулы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ол қызметінен кеткен соң мекемеде 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеті жасырылмақ болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оразбаевтың сөзінше, 2024 жылы станцияның меншікті техникалық қызмет көрсету орталығы жабылып, көліктерді жөндеу сыртқы компанияларға (аутсорсинг) берілген. Дәл осыдан кейін шығындар күрт өскен. Алайда, белгісіз себептермен бұл жайтқа қатысты ешқандай тексеру жүргізілмеген.

"Мен қызметтен кеткен соң 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекетін жасырмақ болды", - дейді Мұрат Оразбаев.

Қазіргі таңда Мұрат Оразбаевтың өзі тергеу изоляторында отыр. Бұл іс бойынша жедел жәрдем станциясының басқа да бұрынғы қызметкерлері күдікке ілінген. Ол өзінің мәлімдемесінде ҚР Бас прокуратурасынан осы жағдайға байланысты тиісті тексеру жүргізуді сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Тергеудегі экс-директор: «1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғысы келді» · Todayinfo