Тележүргізуші Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын көрсетті
Тележүргізуші Руслан Өтепбай бүкіл қазақ елін жылатқан Назгүл мен Құндыздың қазіргі өміріне бағдарлама арнады, деп хабарлайды Todayinfo. Руслан Өтепбай қыздарға тосынсый жасады Бағдарлама басында тележүргізуші базарға барып, қыздарға киім-кешек алып, еш ескертусіз олардың көңілін

Тележүргізуші Руслан Өтепбай бүкіл қазақ елін жылатқан Назгүл мен Құндыздың қазіргі өміріне бағдарлама арнады, деп хабарлайды Todayinfo.
Руслан Өтепбай қыздарға тосынсый жасады
Бағдарлама басында тележүргізуші базарға барып, қыздарға киім-кешек алып, еш ескертусіз олардың көңілін көтерді.
Құндыз болашаққа деген армандарымен бөлісті:
«Жігіт болса, тұрмысқа шыққым келеді. Денсаулығым жақсы, тек кейде талмам ұстап қалады», – деді ол.
Қыздар өз жағдайларының жақсы екенін айтып, әзілдесті:
«Боянатын заттарымыз жоқ», – деп күлісті олар.
Күтуші мен тележүргізуші арасында пікірталас болды
Бағдарлама барысында Руслан Өтепбай қыздардың жүдеп кеткенін байқағанын айтты.
«Қыздар азып кеткен секілді. Сізді кінәлап жатқан жоқпын, Зульфия ханым, өзіңізге алмаңыз», – деді тележүргізуші.
Бұл пікір күтуші Зульфия ханымның ренішін тудырды.
«Тырнақтың астынан кір іздеп тұрған сияқтысыз. Тамақтары тоқ, қаншама қиыншылықтан алып шықтым, рас па? 8 ай сіздерде жатты. Өз үйіңізде тұрды. Емдеттіңіз. Үй қайда деп сұрайды, үйді ешкім бермеді. Қанша баланы өсіріп келдім. Ақталмаймын мен», – деп жауап берді күтуші.
әлеуметтік мәселетұрмыскүтуші ЗульфияҚазақ қоғамыНазгүл мен ҚұндызқайырымдылықтелебағдарламакөмекДенсаулықРуслан Өтепбай
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·