Todayinfo.kz
Абай облысыБарлық жазбаларды қарау

«Тек бюджет қаражатына иек артпай инвестиция тартуымыз керек»: Берік Уәли облыс экономикасын дамытудың жоспарын нақтылады

Бүгін Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 2025–2027 жылдарға арналға

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Тек бюджет қаражатына иек артпай инвестиция тартуымыз керек»: Берік Уәли облыс экономикасын дамытудың жоспарын нақтылады

Бүгін Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу және Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бюджетке қатысты негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы жасады. Ол өз сөзінде ұсынылған өзгерістердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес әзірленгенін атап өтті.

Сессия барысында депутаттар тарапынан мәдениет нысандарын салу, денсаулық сақтау саласындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және өзге де маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолданды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылағаннан кейін аймақ басшысы Берік Уәли қорытынды сөз сөйледі. Ол облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдаған депутаттарға алғыс білдіріп, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

«Салалық министрліктерге 107,7 миллиард теңгеге 169 жоба бойынша республикалық бюджеттен трансферттер алу үшін бюджеттік өтінімдер жолданды. Өңірлерге шығу қорытындысы бойынша халықтың өтініш-тілегін ескере отырып, қала, аудан әкімдеріне, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар бердім. Облыстың экономикасын көтеру үшін тек бюджет қаражатына иек артпай инвестиция тартуымыз керек. Бұл - қала, аудан әкімдерінің ең басты міндеті. Облыстың географиялық орналасуын, көлік логистикалық, сауда-экономикалық мүмкіндігін толық пайдалануымыз қажет. Осы орайда мамыр айында өңірге инвестиция тарту үшін Қытайға арнайы делегациямен баруды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.

Ұқсас материалдар

«Тек бюджет қаражатына иек артпай инвестиция тартуымыз керек»: Берік Уәли облыс экономикасын дамытудың жоспарын нақтылады · Todayinfo