Todayinfo.kz
Түркістан қаласыБарлық жазбаларды қарау

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті. «Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлем

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті. «Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды. Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды.

Ұқсас материалдар

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті · Todayinfo