Кейін бұл қаражат жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған табысына сатып алынған мүлік анықталды: Өскемен қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер, BMW X6M және Subaru Forester маркалы автокөліктер, сондай-ақ жер учаскелері. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды."Қылмыстық схеманың мәні материалдарды жеткізу және техниканы жалға алу бойынша жалған құжаттар рәсімдеуге негізделген. Құжаттарда жол жөндеуге арналған битум мен құм сатып алу, суды соруға арналған техника жалдау, сондай-ақ бұрын орнатылған 23 аялдама павильонын жасауға қажетті материалдарды алу туралы жалған деректер көрсетілген", – деп жазды ведомстводан.
«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аг

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2022-2023 жылдары лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына жүйелі түрде заңсыз аударып отырған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·