Тасқыннан кейін 13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елдегі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыстардың тұрғындары арнайы құрылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елдегі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыстардың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп жатыр. Бүгінде 22 мың 475 өтінім қабылданды.
Биыл 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,8 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті.
Бүгінде зардап шеккен өңірлерде 3 956 тұрғын үй тексеріліп, 2 649 нысан бойынша бағалау жұмыстары жүргізілді. 524 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·