Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Танымал әнші Бүркіт қызды болды

Қазақ эстрадасының әншісі, «Бүркіт» есімімен танымал Айбек Сейітов қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Todayinfo . Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазды. «Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Танымал әнші Бүркіт қызды болды

Қазақ эстрадасының әншісі, «Бүркіт» есімімен танымал Айбек Сейітов қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Todayinfo.

Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазды.

«Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Аллаhыма мың алғыс! Аллаhу акбар! Аиша аман!»– деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұл әншінің төртінші перзенті. Айбек пен Аишаның үш ұлы бар.

Желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.

Желіде әншінің жазбасына «Қыздың жөні бөлек, Алла ұзақ ғұмыр берсін!», «Бақытты болыңдар, Бүркіт-Аиша!», «Қыз бала – шаңырақтың ырысы мен берекесі!» – деген сынды тілектер жазылды.

Ұқсас материалдар

Танымал әнші Бүркіт қызды болды · Todayinfo