Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Instagram-дағы әдемі өмір шынайы емес»: журналист Байырбекованы ұлы қарызға белшеден батырғанын айтты (ВИДЕО)

Журналистің айтуынша, әлеуметтік желіде көрсетілетін сән-салтанатты өмір көп жағдайда шынайы жағдайды толық бейнелей бермейді.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
«Instagram-дағы әдемі өмір шынайы емес»: журналист Байырбекованы ұлы қарызға белшеден батырғанын айтты (ВИДЕО)
📷 sn.kz

Белгілі журналист Анна Данченко Жазира Байырбекованың сіңілісі Ляззат Байырбекованың ұлының қаржылық қиындықтарға тап болып, қарызға батқанын растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Журналистің айтуынша, әлеуметтік желіде көрсетілетін сән-салтанатты өмір көп жағдайда шынайы жағдайды толық бейнелей бермейді.

“ҚАРЫЗЫ 84 МИЛЛИОНҒА ЖЕТТІ. Әнші Ляззат Байырбекова ұлы Тәуіржанның қарызға батқанын растады. Instagram-дағы әдемі өмір әрдайым шынайы өмір емес екенінің тағы бір дәлелі. Қымбат көліктер, брендтер, саяхаттар, сән-салтанат… Бірақ сыртқы көріністің артында кейде үлкен қарыз, уайым мен күрес жатады. Гуджанның анасының сұхбатын тыңдап отырып, әлеуметтік желідегі сурет пен шынайы өмірдің арасында қандай үлкен айырмашылық болатынын тағы бір рет түсінесің. Ешкімнің өміріне сыртынан қарап баға беруге болмайды. Кейде ең бақытты көрінген адамның ішінде біз білмейтін ауыр сынақтар болады. Сұхбат жақын күндері менің ютуб арнамнан жарық көреді", - деп жазды ол. 

Ұқсас материалдар