Todayinfo.kz
ЭкономикаБарлық жазбаларды қарау

Танкерлерлерге шабуыл: министрлік Қазақстан мұнайының экспортына төнген қауіпке қатысты пікір білдірді

Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайын тасымалдайтын екі танкерге жасалған дрон шабуылына қатысты мәлімдеме жасады. Экспортқа зиян келмеген.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Танкерлерлерге шабуыл: министрлік Қазақстан мұнайының экспортына төнген қауіпке қатысты пікір білдірді
Энергетика министрлігі Қазақстан ресурстарын тасымалдайтын екі танкерге жасалған дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Ведомствоның мәліметінше, бірінші кеме – Мальта туы астындағы «Matilda» танкері. Оны «ҚазМұнайГаз» компаниясы жалдаған. Танкерде жарылыс болғанымен, өрт шықпаған. Кемеге айтарлықтай зақым келмеген, ол өз бағытымен жүріп барады. Екінші кеме – Либерия туы астындағы «Delta Harmony» танкері. Онда өрт шыққан, бірақ ол бірден сөндірілген. Шабуыл кезінде танкер бос болған, яғни оған мұнай тиеліп үлгермеген.
Ең бастысы, екі кеме экипажының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазақстанның экспорттық ресурстарына да ешқандай зиян келмеді.
Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» мұнай жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіріп жатыр.

Ұқсас материалдар