Тұңғыштар еліне бас мүфти келді
Қазақ даласындағы алғашқылардың отаны саналатын Хан ордасы ауылына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Утпинов, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен өкілдері, облыстық дін істері басқармасының ба

Қазақ даласындағы алғашқылардың отаны саналатын Хан ордасы ауылына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Утпинов, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен өкілдері, облыстық дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай, облыстық өкіл имам С.Әлібаев келді.
Сапардың негізгі мақсаты - Бөкей, Жәңгір хандардың рухына Құран хатым бағыштау, Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектурлық-этнографиялық музей қорығы арқылы елдің тарихымен танысу болып табылады.
Қадірлі меймандарды аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қарсы алып "қош келдіңіздер" айтып, ауданның тыныс-тіршілігі нен мағлұмат берді.
Нарын топырағына алғаш қадам басқан бас мүфти елдің тыныштығы мен амандығына, ауданның көркейіп, өркендеуіне арнайы Құран бағыштады.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО - да студенттер экологиялық сағат өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Батыс жұртын өлеңімен тамсандырған: Алтайдың ақ самалы Ақжайықта есті
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
Todayinfo Admin·