Тайваньда 6,3 балдық жер сілкінісі болды
Бейжің қаласының уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы. Орталықтың мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығы

Бейжің қаласының уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы.
Орталықтың мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығыс бойлық 121,68 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 шақырым тереңдікте жатқан.
Қазір Хуалянь қаласында 350 мың халық тұрады.
Бұған дейін Тайваньның шығыс жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі болып, одан 9 адам қаза тапқан еді. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетіп, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алған болатын.
Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирады. 20 миллионнан астам адам тұратын аралдағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Жер сілкінісі салдарынан су тасып, жолдар мен тоннельдер опырылды.
Тайвань билігінің мәліметіне қарағанда, осы екі жер сілкінісі соңғы ширек ғасырдағы ең жойқын апат болған. Ал 2016 жылы болған табиғи апаттан 93 адам көз жұмды.
Қазір Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы метеорологиялық бюро цунами қаупі туралы ескерту жасап жатыр. Көп жерде электр қуаты мен газ тоқтатылды. Жер сілкінісі Шанхайда, сондай-ақ Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан бірнеше провинциясында сезілді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·