Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сусыз, тамақсыз еденде жатыр: дрондар шабуылына ұшыраған Мәскеу әуежайларында хаос орнады

Ресей астанасындағы үш ірі әуежай – Внуково, Шереметьево және Домодедовода рейстер жаппай кешігіп, кейбірі мүлде тоқтатылды. Бұған Мәскеу әуе кеңістігінде дрондардың пайда болуы себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo Стопкор -ға сілтеме жасап. Жолаушылар рейстерін сағаттап күтіп,

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Сусыз, тамақсыз еденде жатыр: дрондар шабуылына ұшыраған Мәскеу әуежайларында хаос орнады

Ресей астанасындағы үш ірі әуежай – Внуково, Шереметьево және Домодедовода рейстер жаппай кешігіп, кейбірі мүлде тоқтатылды. Бұған Мәскеу әуе кеңістігінде дрондардың пайда болуы себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo Стопкор-ға сілтеме жасап.

Жолаушылар рейстерін сағаттап күтіп, еденде, орындықтарда, жүктерінің үстіне жатып, су, тамақсыз түнеген.

Мұндай жағдай Мәскеуден басқа қалаларда да болып жатыр. Волгоград, Нижний Новгород, Самара мен Пермь әуежайларында рейстер кешіккен. Санкт-Петербургте  жолаушылар ұшақтың ішінде жеті сағат бойы қамалып отырған.

Сонымен қатар Мәскеуде және бірқатар қалаларда ұялы байланыс уақытша өшірілгені белгілі болды. Байланыс операторлары техникалық себептерді сылтау етіп, абоненттерге ескерту хабарламаларын жолдаған. Салдарынан қала тұрғындары такси шақыру, жеткізу қызметтерін пайдалана алмай отыр. Бірнеше дронның шабуылына ұшыраған қаланы хаос биледі.

Айта кетейік, 9 мамырда өтетін Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 30-ға жуық мемлекеттің көшбасшысы қатысады деп жоспарланған.

Фото: Росмедиа

Ұқсас материалдар

Сусыз, тамақсыз еденде жатыр: дрондар шабуылына ұшыраған Мәскеу әуежайларында хаос орнады · Todayinfo