«Ол ұзақ жылдар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында қоюшы-суретші, Бас суретші болып еңбек етті. Саналы ғұмырын саф өнердің ыстығы мен суығына арнап, сахнада жүзден астам қойылымның сценографиясын жасады. Сұлулыққа жаны құмар өнер иесі тұтас бірнеше ұрпаққа эстетикалық тәлім берді. Гүлмаржан апайдың есімі қазақ өнері тарихымен бірге жасай беретініне сенеміз. Марқұмның бауырларына, ағайын-туыстарына және ұлы Алмат Оспанұлына қайғыра көңіл айтамыз!» – делінген театр хабарламасында.Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет 1943 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаттыкөл ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің театр факультетін бітірген. 1972 жылдан - Махамбет атындағы Атырау қазақ драма театрының қоюшы-суретшісі. 1978 жылдан - Махамбет атындағы Гурьев қазақ драма театрының бас суретшісі. 1992 жылдан - сән үлгілерін көрсету және ұлттық киім тігу «Гүлмаржан сән үйі» шығармашылық шеберханасының ұйымдастырушысы және жетекшісі (Атырау). 2006 жылдан бері - Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі.
«Сұлулыққа құмар суретші»: атақты қылқалам шебері Гүлмаржан Сәлімгерейқызы бақилық болды
Фото: instagram.com/atyrau_mahambet_teatry Көрнекті суретші-модельер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қазақ өнерінен тағы бір дарынның оралмас сапарға аттанғаны жайлы А

Фото: instagram.com/atyrau_mahambet_teatry
Көрнекті суретші-модельер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қазақ өнерінен тағы бір дарынның оралмас сапарға аттанғаны жайлы Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры хабарлады, деп жазады Todayinfo.
Ұқсас материалдар

Руханият
"Қайғы мен қасіретті қалай көтеріп жүргеніңді өзіңнен басқа ешкім білмеді" – Берік Жүсіпов Асанәлі Әшімов туралы
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Стэнфорд гранты: Шымкенттік қызға 350 млн теңге берілді
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Жастар және діни экстремизм: Жат ағымдардың ұлттық қауіпсіздікке қатері және оның алдын алудағы мемлекеттік стратегиялар мен ақпараттық жұмыс
Мейіржан Әуелханұлы·

Руханият
Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді
Мейіржан Әуелханұлы·