«Сүлеймен сұлтан» фильміндегі Рүстем паша әйелін ұрғаны үшін сотталып кетті
“Сұлтан Сүлеймен" фильмінде Рүстем пашаны сомдаған түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін істі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Актер 2 жыл 3 айға сотталды. Тұрмыстағы жанжал 2020 жылы басталған. Озанның бұрынғы ғашығы Дениз Болуцуз жі

“Сұлтан Сүлеймен" фильмінде Рүстем пашаны сомдаған түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін істі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі
Актер 2 жыл 3 айға сотталды.
Тұрмыстағы жанжал 2020 жылы басталған. Озанның бұрынғы ғашығы Дениз Болуцуз жігітінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, сотқа берген. Алайда актердің өзі бәрін жоққа шығарып, қыздың өзі бірінші болып агрессия танытып, оған шабуыл жасағанын мәлімдеді. Денизге “шабуыл жасады және жала жапты” деп айыптап, моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді талап етті.
Нәтижесінде сот қыздың жағына шықты. Куәгерлердің сөздерін зерттеп, Булуцузға психологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Озан кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оның барлық қарсы талаптарын қанағаттандырған жоқ. Дениз Болуцуз бұрынғы сүйіктісін 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Кино жұлдызы “Қорлау" және "зорлық пен қорқыту арқылы бас бостандығынан айыру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде актер 2 жыл 3 айға сотталды.
Сот оларды Ыстамбұлда өткен наразылық акцияларына байланысты қозғалған іс аясында жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша Халит Эргенч 1 жыл, 10 ай және 15 күнге бас бостандығынан айырылды. Ал оның әріптесі Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға сотталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·