26 сәуірде сағат 9:23-те (Астана уақыты бойынша) Моңғолия аумағында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының деректеріне сәйкес, эпицентр координаттары: 46,87 градус солтүстік ендік, 93,01 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=5,9, энергетикалық класы К=15.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің әсері байқалған жоқ. Сейсмологтар жағдайды бақылауда ұстап отыр.




