Шымкенттегі үш адамның өмірін алған қанды саябақ заңсыз салынған
Фото: sxodim.com Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы заңсыз салынған болып шықты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 2011 жылы ЖШС Шымкент қаласының орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, жалға алушы балалар о

Фото: sxodim.com
Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы заңсыз салынған болып шықты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
2011 жылы ЖШС Шымкент қаласының орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, жалға алушы балалар орталығын салу міндетін орындаудың орнына, онда «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағын орналастырған.
Жоғарғы соттың мәліметінше, соңғы жылдары бұл орында өрт шығып, қайғылы оқиғалар салдарынан екі студент пен бір адамның өліміне әкеліп соққан келеңсіздіктер болған.
Әкімдік ЖШС-ның жалдау шартының талаптарын бұзғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. МАЭС-ы және апелляция ЖШС-ны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді.
Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкім саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды ЖШС есебінен бұзып, жер телімін бұрынғы қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.
Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану фактісін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 га жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·