«Мұраталы Төлепбергенұлы Бресттен бастап, Украина мен Польша жерлерінде шайқасқан, Германияға дейін барған. Жеңістен кейін тағы бес жыл оккупациялық әскер қатарында әскери қызметін жалғастырған», — делінген хабарламада.Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ол II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат ету үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Ардагер өмірінің соңғы жылдары тұрған Түлкібас ауданында әскери құрметпен жерленді. Фото: «Рабат» газеті
Шымкентте соңғы Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды
Шымкентте 27 қараша күні қаладағы соңғы соғыс ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo . Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері биыл мамыр айында жақындарының ортасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ғана емес, өзінің 100 жылдық мерейтойын да атап өткен

Шымкентте 27 қараша күні қаладағы соңғы соғыс ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері биыл мамыр айында жақындарының ортасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ғана емес, өзінің 100 жылдық мерейтойын да атап өткен еді.
Мұраталы Төлепбергенұлы 1943 жылы 18 жасында майданға аттанған. Ол 339-шы танкіге қарсы артиллериялық бөлімнің құрамында радист болып қызмет етті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·