Шымкентте салмағы 6,5 келі сәби дүниеге келді (ВИДЕО)
Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Todayinfo қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. Шымкент тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазанда №2 қалалық аурухананың перзентхана бөліміне түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып,

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Todayinfo қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Шымкент тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазанда №2 қалалық аурухананың перзентхана бөліміне түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен.
Ақ халаттылар Альмираны табиғи жолмен босандырып алған. 4 қазанда сағат 13:50-де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді. Бұл – Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тәуекел деген есім берген.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, жағдайлары жақсы.
Еске сала кетсек, биыл сәуірде Шығыс Қазақстан облысында салмағы 6 келі 180 грамм болатын алып нәресте туған еді. Сондай-ақ Түркістан облысында салмағы 5 келіден асатын алып балалардың дүниеге келуі жиілеген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·