Todayinfo.kz
РуханиятБарлық жазбаларды қарау

Шымкентте Наурыз мейрамы жоғарғы деңгейде тойланды

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамаш

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Шымкентте Наурыз мейрамы жоғарғы деңгейде тойланды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады, деп хабарлайды Todayinfo. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі. Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды. Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті. Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Ұқсас материалдар

Шымкентте Наурыз мейрамы жоғарғы деңгейде тойланды · Todayinfo