Шығыс Қазақстанда 30 шалғай елді мекен спутниктік интернетпен қамтылды
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шалғайда орналасқан және халық саны аз 30 елді мекен, оның ішінде Шағанатты (Марқакөл ауданы), Қарагужиха (Глубокое ауданы), Ахметбұлақ (Тарбағатай ауданы), Шүршітсу (За

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шалғайда орналасқан және халық саны аз 30 елді мекен, оның ішінде Шағанатты (Марқакөл ауданы), Қарагужиха (Глубокое ауданы), Ахметбұлақ (Тарбағатай ауданы), Шүршітсу (Зайсан ауданы) және басқа да ауылдарды спутниктік интернетке қосу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның іске асырылуы шалғайдағы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашып, заманауи цифрлық қызметтерге қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтеді. Спутниктік интернетке қосылу өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуда, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуда маңызды қадам болып отыр.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Jusan Mobile» АҚ компаниясымен әріптестігі аясында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен OneWeb спутниктік терминалдарының барлық 30 жиынтығы орнатылып, қосылды. Терминалдар секундына 50 Мбит-ке дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді, ал қамту радиусы - 100 метр. Бұл технология өңірдің шалғай және жетуі қиын ауылдарын тұрақты интернетпен қамтуға мүмкіндік берді.
Қоғамдық Wi-Fi нүктелері әрбір елді мекенде арнайы белгіленген орындарға орналастырылған. Тұрғындар осы аймаққа келіп, тіркеуден жылдам өтіп, Wi-Fi желісіне тегін қосыла алады.
Спутниктік терминалдар төмендегі елді мекендерде орнатылды:
• Алтай ауданы: Восточное, Дородница, Северное, Богатырево, Александровка, Березовка;
• Зайсан ауданы: Шүршітсу, Қарасай, Қабырғатал, Жіңішкесу;
• Глубокое ауданы: Веселое, Қарагужиха;
• Риддер қаласы: Поперечное;
• Самар ауданы: Шұбарқайың;
• Күршім ауданы: Қайнар, Қыстау-Күршім;
• Марқакөл ауданы: Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Балықтыбұлақ, Шағанатты;
• Катонқарағай ауданы: Мойылды, Ақмарал, Рахман қайнары, Өрнек;
• Үлкен Нарын ауданы: Сенное;
• Ұлан ауданы: Манат;
• Тарбағатай ауданы: Сарыөлең, Ахметбұлақ, Жаңаталап;
• Шемонаиха ауданы: Кандыковка.
Жобаның жүзеге асуы шалғайдағы ауыл тұрғындарының заманауи интернет қызметтерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдің цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға әсерін тигізуде.
Ұқсас материалдар

Шығыс Қазақстан
ШҚО кітапханалары оқырман саны бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
Делегация ВКО в Китае принимает участие в семинаре в сфере образования
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
ШҚО-да туристік аймақтарға көлік қолжетімділігін арттыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
В рамках акции «Таза Казахстан» более 40 жителей вышли на субботник в Усть-Каменогорске
Жаннұр Еділбаева·