Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Каримоваға тиесілі 182 миллион долларды қайтарады
Швейцария мен Өзбекстан арасында Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі заңсыз алынған 182 миллион долларды қайтару туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Келісімге Өзбекстан Әділет министрі Акбар Тошқұлов пен Швейцарияның

Швейцария мен Өзбекстан арасында Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі заңсыз алынған 182 миллион долларды қайтару туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Келісімге Өзбекстан Әділет министрі Акбар Тошқұлов пен Швейцарияның Өзбекстандағы елшісі Константин Оболенский қол қойған.
Өзбекстанның әділет министрлігінің хабарлауынша, қайтарылуға жататын бұл қаржы 2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы тарапынан Гүлнара Каримоваға қарсы қылмыстық іс аясында тәркіленген.
Енді бұл қаражат Uzbekistan Vision 2030 көпжақты трасттық қоры арқылы Өзбекстанға аударылады. Аталған қор қаржыны елдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттайды.
2020 жылы Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Каримоваға тиесілі 131 миллион долларды қайтарған болатын. Швейцария прокуратурасы сол кезде Каримованың бұғатталған активтерін 800 миллион швейцар франкі (850 миллион еуро) көлемінде бағалаған.
Өзбекстандық Gazeta.uz мәліметінше, Каримова мен оның басшылық еткен қылмыстық тобының шетелдегі активтері 1,4 миллиард долларға бағаланып отыр.
Гүлнара Каримова Өзбекстанда қаржы жымқыру, мемлекет қаражатын ысырап ету және салық төлеуден жалтару бойынша айыпталып, колонияда жазасын өтеп жатыр.
Швейцария мен Өзбекстан арасындағы келісім заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастықтың маңызды үлгісі ретінде бағаланып отыр. Бұл қаржы Өзбекстанның әлеуметтік дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.
Uzbekistan Vision 2030ӨзбекстанШвейцариязаңсыз активтер.активтерді қайтаруИслам КаримовГүлнара Каримова
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·