Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді соғып өлтірді
Фото: bbc.com Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC - ге сілтеме жасаған Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырға
Фото: bbc.com
Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC - ге сілтеме жасаған Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.
Қайтыс болғандар арасында 8 жасар қыз бала бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр.
Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтап қалған болатын.
Жарысты ұйымдастырушылар іс-шараны тегін ұйымдастырған, оған 100 мыңға жуық адам қатысқанын мәлімдеген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·