«Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жою қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Өрт кезінде дереу 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз», - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.Фото: ШҚО ТЖД
ШҚО-да жігіт өрттен әжей мен төрт баланы алып шықты
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өрт шыққан үйден төрт бала мен әжейді құтқарды. Ол көршілерін қауіпсіз жерге аман-есен алып шыққан, деп хабарлайды Todayinfo . ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған. Белгілі болғандай жеке тұрғын үйде ө

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өрт шыққан үйден төрт бала мен әжейді құтқарды. Ол көршілерін қауіпсіз жерге аман-есен алып шыққан, деп хабарлайды Todayinfo.
ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған.
Белгілі болғандай жеке тұрғын үйде өрт шыққан. ШҚО ТЖД қызметкерлері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірат терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, 1956 жылы туған әйел адамға және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылы туған төрт балаға үйден шығуға көмектескен.
Оқиға орнына келіп жеткен №25 ӨСБ өрт сөндірушілері 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Осы орайда мамандар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·