Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды

[ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.  ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол танымал мессенджер

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды
[ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo агенттігі.  ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтерді жіберген.
"Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі («Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.  

Ұқсас материалдар