"Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігінде мұндай заң бұзушылыққа айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалады. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкіну және кінәсін мойындау. Сот 80 сағатқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады", – деп хабарлады Өскемен қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.
ШҚО-да полицияны қорлаған видеосын желіге жариялаған жігіт жазаланды
Шығыс Қазақстан облысында полицей қызметкерін видеоға түсіріп, оны Tik Tok желісіне таратқан ер адам жазаға тартылды. Ол видеода қызметкерге негізсіз сөздер айтып, қорлаған. Соттағы деректерге сай биыл көктемде Өскемен қаласындағы Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында сотта

Шығыс Қазақстан облысында полицей қызметкерін видеоға түсіріп, оны Tik Tok желісіне таратқан ер адам жазаға тартылды. Ол видеода қызметкерге негізсіз сөздер айтып, қорлаған.
Соттағы деректерге сай биыл көктемде Өскемен қаласындағы Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында сотталушы жол ережесін бұзған. Кейін ол өзін тоқтатқан полиция қызметкеріне қарсы сөздер айтып, оны видеоға түсіре бастаған. Сөйтіп полиция қызметкерін қорлаған бейнежазбаны TikTok желісіне таратып, біраз қаралым жинаған. Алайда кейін сотқа келерде тұрғын салған видеосын өз еркімен өшіріп тастаған.
Нәтижесінде Өскемен қаласының №2 соты тұрғынға қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі («Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі билік өкілін қорлау») бойынша кінәлі деп таныды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·