ШҚО-да 75 лудоман-борышкер онлайн құмар ойындарға өз еркімен шектеу қойды
Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар алимент төлеуден жалтарған 75 әке соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам ақшаны қайтарымсыз аударған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар алимент төлеуден жалтарған 75 әке соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам ақшаны қайтарымсыз аударған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойынға бәс тігіп, ұтылған.
Талдау нәтижелері бойынша оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.
Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.
Құмар ойынға бәс тігетіндер туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.
Бүгінде алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.
Дереккөз: Халық үні
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·