ШҚО әкімі «Өскемен-1» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын бақылады
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Өскемен-1» теміржол вокзалына барды. Мердігер мекеме - «Промтехмонтаж» ЖШС. Жобаға сәйкес, вокзалдың санаты жоғарылап, ғимараттың жалпы ауданы 700 шаршы метрден 1800-ден астам ша

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Өскемен-1» теміржол вокзалына барды. Мердігер мекеме - «Промтехмонтаж» ЖШС.
Жобаға сәйкес, вокзалдың санаты жоғарылап, ғимараттың жалпы ауданы 700 шаршы метрден 1800-ден астам шаршы метрге дейін ұлғайтылады.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта ғимараттың беларқа мен қаттылық диафрагмасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ертең аяқталады.
10 желтоқсанда 1-ші қабатты қаптау және арматураны байлау басталады. Ал 5 күннен кейін 1-ші қабаттың жабынына бетон қабылдау күтілуде. Келесі күні қабатты газоблоктармен толтыру жұмыстары жүргізілмек. Ал 17 желтоқсаннан бастап 2-ші қабаттағы жұмыстар басталуы тиіс.
«Осы жылдың аяғына дейін екінші қабаттың төбесі жабылады деп күтіліп отыр. Жұмыстың сапалы жүргізілуі жіті бақылауға алынған. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жерүсті өткелдерін салу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен келіссөз жүргіземіз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, сол жерде жалпы саны 30-дан астам адам және 2 техника жұмыс істеп жатыр.
Ұқсас материалдар

Шығыс Қазақстан
ШҚО кітапханалары оқырман саны бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
Делегация ВКО в Китае принимает участие в семинаре в сфере образования
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
ШҚО-да туристік аймақтарға көлік қолжетімділігін арттыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда
Todayinfo Admin·

Шығыс Қазақстан
В рамках акции «Таза Казахстан» более 40 жителей вышли на субботник в Усть-Каменогорске
Жаннұр Еділбаева·