Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ШҚО әкімі: «Мемлекет қалтасын жеке қалтасымен шатастыратындармен әңгіме қысқа»

ШҚО әкімі Өскемендегі көпір құлаған соң қамалған шенеунік жайлы айтты. Ол жемқорлыққа қатысты өзінің қатаң ұстанымын мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
ШҚО әкімі: «Мемлекет қалтасын жеке қалтасымен шатастыратындармен әңгіме қысқа»

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Шенеуніктің ісіне Өскемендегі Шнайдер көпірінің опырылып құлауы себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде жөндеу жұмыстарына бірнеше рет бюджеттен ақша бөлінген автомобиль көпірі құлаған еді. Осы оқиғадан кейін облыс басшысы құқық қорғау органдарының жетекшілерімен жиналыс өткізіп, автомобиль жолдары мен көлік саласын кешенді тексеруді тапсырған. Бұл тексерістің негізгі мақсаты – жемқорлық тәуекелдерін анықтау болды.

Сақтағановтың айтуынша, тексеріс барысында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сол кездегі басшысы Данияр Уахитов тарапынан жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар анықталған.

"Мен оны сот шешімі шықпай-ақ бірден жұмыстан босаттым. Қазір онымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. 13 жыл бірге жұмыс істеген адамымның бұл әрекеті мен үшін тосын жағдай болды. Ол менің сенімімді ақтамады", - деп жазды әкім өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов өңірде жемқорлыққа қатысты ұстанымның қатаң екенін жеткізді.

"Мемлекеттің мүддесін жеке қалтасымен шатастыратындармен әңгіме қысқа, жолымыз екі бөлек", - деді облыс басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар