Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Шавкат Рахмонов жеңілмеген ирландиялық спортшыны жеңіп шықты

Фото: UFC / Шавкат Рахмонов Қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Ирландиял

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Шавкат Рахмонов жеңілмеген ирландиялық спортшыны жеңіп шықты
Фото: UFC / Шавкат Рахмонов Қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Ирландиялық файтер де бұған дейін ешқашан жеңіліп көрген жоқ еді. Қазірге дейін 15 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарын қапы қалдырып кетті. Бүгінгі жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Шавкатқа берілді. Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабында он тоғызыншы мәрте жеңіске жетіп отыр. Ал Иэн Гэрри алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Ұқсас материалдар