Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті
Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты жастар слеті ұйымдастырылды. Шара- экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және таб

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты жастар слеті ұйымдастырылды. Шара- экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және табиғатқа жанашыр болуға бағытталған. Іс-шара аясында Шардара суқоймасының жағалауында сенбілік ұйымдастырылып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Олар көл жағасынан 1 тоннаға жуық тұрмыстық және пластик қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында өткен «Экоплоггинг» сайысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаз ұжымдарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жалпы жастар слеті – патриотизм мен экологиялық мәдениетті ұштастырған маңызды шара ретінде жас ұрпақтың сана-сезіміне оң ықпал етті. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ауданда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жас буынның белсенділігін арттыру көзделген.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·