– Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28 су жинау ыдысы орнатылып, су тасымалдайтын 10 арнайы көлік тұрақты жұмыс істеуде. Бұл облыс әкімдігі өкілдері мен аудан басшылары, қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.
Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді
«Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су

«Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агентігі.
06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50-де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде.
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Todayinfo редакциясы·

Түркістан облысы
Алқаптардағы «айқас»: 9 ауданда жалпы 275 мың гектар өңделді
Жаннұр Еділбаева·

Түркістан облысы
Су үнемдеу – басты назарда: Шардарада агросала мәселелері талқыланды
Жаннұр Еділбаева·