Сербия президенті өлім аузынан аман қалды (ВИДЕО)
Фото: rg.ru Кортеждегі көлік дөңгелегі жарылды. Сербия президенті Александр Вучич елдің солтүстігіне сапары кезінде кортежіндегі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып кеткен. Ол бұл оқиға туралы «артық шу шығармауға» шақырды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық портал

Фото: rg.ru
Кортеждегі көлік дөңгелегі жарылды.
Сербия президенті Александр Вучич елдің солтүстігіне сапары кезінде кортежіндегі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып кеткен. Ол бұл оқиға туралы «артық шу шығармауға» шақырды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сербиялық БАҚ оқиғаның видеосын жариялады. Кадрларда тасжолда келе жатқан президент кортежіндегі Audi автокөлігінің артқы сол жақ дөңгелегінен түтін шығып, кейін дөңгелектің бір бөлігі үзіліп, жолға домалап кеткенін көруге болады.
Кейін көлік тоқтап, ішінен президенттің күзет қызметкерлері түсіп, зақымданған жерді тексеруге кіріседі.
Вучич сенбі күні елдің солтүстігіндегі Орта-Банат ауданын аралап жүрген. TV Informer арнасына берген сұхбатында ол оқиға төңірегінде «артық шудың қажеті жоқ» деп айтты.
Видео
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·