Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Саясат Нұрбек ҰБТ-ның сынақ тапсыру мүмкіндігінің жойылуына қатысты пікір білдірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ форматындағы өзгерістерге қатысты сынға жауап беріп, сынақ тапсыру мүмкіндігінің сақталатынын айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Саясат Нұрбек ҰБТ-ның сынақ тапсыру мүмкіндігінің жойылуына қатысты пікір білдірді
📷 Дереккөз: orda.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ форматындағы өзгерістерге қатысты сынға жауап берді. Оның айтуынша, тестілеуді тек бір рет тапсыру мүмкіндігі туралы өзгерістер ағымдағы жылға әсер етпейді.

«Әлі ешқандай қажеттілік жоқ. Бұл өзгерістер биылғы жылға еш қатысы жоқ. Мәселе сынақ тапсыруға қатысты. Қазір бізде екі рет сынақ тапсыру мүмкіндігі бар. Бұл талапкерге өз күшін бағалауға, әлсіз және күшті жақтарын көруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін ол негізгі тестілеуді тапсырады. Сондықтан сынақ тапсыру мүмкіндігі сақталады. Талапкерлер алаңдамасын», — деді министр мәжіліс кулуарларында.

Оның айтуынша, қосымша түсіндіру жұмыстары келесі тестілеу цикліне дайындық аясында қыркүйектен бастап жүргізіледі. Сондай-ақ, болашақта талапкерлерге тестілеудің балама форматы ұсынылатынын атап өтті.

Ұқсас материалдар

Саясат Нұрбек ҰБТ-ның сынақ тапсыру мүмкіндігінің жойылуына қатысты пікір білдірді · Todayinfo