Todayinfo.kz
Қарағанды облысыБарлық жазбаларды қарау

Саранда жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба жүзеге аспақ

Бүгінгі таңда Saran индустриялық аймағында құны 300 млрд теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылды. Бұл 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін тағы екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Премьер-мини

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Саранда жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба жүзеге аспақ

Бүгінгі таңда Saran индустриялық аймағында құны 300 млрд теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылды. Бұл 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін тағы екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновке өңірге жұмыс сапары барысында Саранның дамуы туралы баяндалды.

-  Мемлекеттің қолдауы мен 318 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған Saran индустриялық аймағында 6 ірі жобаны іске асырудың арқасында Саран қаласы көркейіп келеді. Экономиканы әртараптандыру нәтижесінде біз қазір өз бюджетімізбен қаланың тыныс-тіршілігі мен инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік алдық. Қазір су желілерін 100%-ға ауыстырып, кәріз жүйесін жаңартып жатырмыз. Сондай-ақ қала орталық жылу көзіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деді Дарын Бұлқайыр.             

Ұқсас материалдар

Саранда жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба жүзеге аспақ · Todayinfo