Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сара Назарбаеваның өлімі туралы бірінші хабарлаған «Орда» журналистерін полиция ұстап әкеткен

Бүгін «Орда» ақпарат құралының журналистері Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымына барып, әлі құлпытас қойылмаған, топырағы кеппеген бейітті көрген, деп хабарлайды Todayinfo . «Белгісіз марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің жанына жерленген. Бұл –   Қазақстанның т

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Сара Назарбаеваның өлімі туралы бірінші хабарлаған «Орда» журналистерін полиция ұстап әкеткен

Бүгін «Орда» ақпарат құралының журналистері Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымына барып, әлі құлпытас қойылмаған, топырағы кеппеген бейітті көрген, деп хабарлайды Todayinfo.

«Белгісіз марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің жанына жерленген. Бұл –  Қазақстанның тұңғыш экс-ханымы Сара Назарбаеваның бейіті болуы мүмкін деген болжам жасауға негіз береді»,- деп жазды «Орда».

14 мамырд Сара Алпысқызының Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты республикалық клиникалық ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді.

Алайда көп ұзамай Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Соңғы күндері болып жатқан жағдайлар Үкібайдың сөзіне күмән тудырып отыр.

16 мамыр күні Алматы қаласының жоғары бөлігінде орналасқан Назарбаевтар әулетінің отбасылық резиденциясы маңында күзет күшейтіліп, полиция жасақтары әкелінді. Дулати көшесі уақытша жабылды. Журналистер ол жерден көптеген көліктің келіп-кетіп жатқанын, сондай-ақ катафалкқа ұқсас көлікті байқаған.

Одан кейін «Орда» тілшілерін күзетшілер ұстап, телефондарындағы барлық видео және фото материалдарды өшіруге мәжбүрлеген. Кейін оларды Бостандық аудандық полиция бөліміне апарып, түсініктеме жаздырған соң босатқан.

Сара Алпысқызының қайтыс болғаны жөнінде ресми растау әлі берілген жоқ.

Ұқсас материалдар

Сара Назарбаеваның өлімі туралы бірінші хабарлаған «Орда» журналистерін полиция ұстап әкеткен · Todayinfo