Sәlem Entertainment актер Шәрип Серікпен әріптестігін тоқтатты
Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасты толығымен тоқтатқанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. Компания соңғы оқиғаларға байланысты актерді «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты үзгенін жариялады. Осыған орай, «Шакал»

Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасты толығымен тоқтатқанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo.
Компания соңғы оқиғаларға байланысты актерді «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты үзгенін жариялады. Осыған орай, «Шакал» және «Qarga» сериалдарының үшінші маусымдары ресми түрде жабылды.
Сонымен қатар, Шәріп Серік басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған «Meow» сериалының екінші маусымынан да толықтай алынды.
«Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен барлық кадрларды монтаж кезінде кесіп тастап жатыр. Сонымен қатар, актермен барлық келісімшарттар бұзылғаны хабарланды.
Бұл шешім Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева жариялаған жазба мен видеоға байланысты қабылданған. Әлия зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтып, қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·