Рыбакина Австралия ашық чемпионатының 1/8 финалына шықты
фото: olympic.kz Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаядан басым түсті. Есеп: 6:3, 6:4. Рыбакина ширек финал жолдамасын Мэдисон Киз – Даниэль К

фото: olympic.kz
Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаядан басым түсті. Есеп: 6:3, 6:4. Рыбакина ширек финал жолдамасын Мэдисон Киз – Даниэль Коллинз арасындағы жеңімпазбен сарапқа салады. Ал Юлия Путинцева үшінші кезеңнен аса алмады. Ол ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді. Кездесу 7:5, 6:1 есебімен орыс спортшысының пайдасына аяқталды. Матч бір сағат 21 минутқа созылды. Касаткина енді америкалық Эмма Наваромен кездеседі. Биылғы Австралия ашық біріншілігінің жалпы жүлде қоры 59 млн 900 мың долларды құрайды.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·