Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ТАСС.
Бір түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады жергілікті билік.
РФ Қорған облысы Тобыл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 669 тұрғын үй мен 2376 саяжайды су басып, 25 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Билік Тобыл маңындағы барлық елді мекендердің тұрғындарын, соның ішінде облыстың әкімшілік орталығы Қорған қаласын да көшіруге шақырды.
Облыс губернаторы Вадим Шумков аймақта «қиын жағдай» болжанатынын атап өтті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Есіл өзеніндегі су деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Ресейдің Түмен облысында да күрделі жағдай қалыптасты.
Ресейде Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін
Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ТАСС . Бір түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады же

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·