Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қызын кілемге салып, ұзатқан Сәкен Майғазиевтің құдалары сынға қалды

Әнші Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, құда атанды. Қазір отбасының тойы жұрттың талқысында, деп хабарлайды Todayinfo . Әншінің келіні ұзату тойында адам ойына келмес қызық қылық көрсеткен. Оның жаңаөзендік құдалары қызды кілемге салып, мейрамханадан шығарып салған. Көпшілік мұнда

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Қызын кілемге салып, ұзатқан Сәкен Майғазиевтің құдалары сынға қалды

Әнші Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, құда атанды. Қазір отбасының тойы жұрттың талқысында, деп хабарлайды Todayinfo.

Әншінің келіні ұзату тойында адам ойына келмес қызық қылық көрсеткен. Оның жаңаөзендік құдалары қызды кілемге салып, мейрамханадан шығарып салған.

Көпшілік мұндай салттың қайдан шыққанын білмей, таңырқасып жатыр.

«Өлген адамды кілеммен алып шығушы еді, дені сау адам оң аяғымен аттап шықпаушы ма еді», «Ақ киізге хан көтерген, сондықтан жаман ырым емес, өліге ғана емес, тіріге де қолданады. Әр үйдің қызы ханшайым», «Қазақтың тойын көріп айдалада отырып ұялатын болдым», «бояушы, бояушы десе сақалын бояптының дәл өзі. Сексенге келіп, мұндай салтты көрмеппін», деп әртүрлі пікір жазып жатыр желідегілер.

https://www.instagram.com/reel/DKjpEEvodqV/?igsh=YzVja21iN292OWE2

Ұқсас материалдар

Қызын кілемге салып, ұзатқан Сәкен Майғазиевтің құдалары сынға қалды · Todayinfo