Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Қызылжардағы "қырғын": Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының бірінші курс курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды. Жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Тараған ақпарат бойынша, 40-тан астам курсантттың қатысуымен жаппай төбелес болған. Даудың

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қызылжардағы "қырғын": Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының бірінші курс курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды. Жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Тараған ақпарат бойынша, 40-тан астам курсантттың қатысуымен жаппай төбелес болған. Даудың басы басшылыққа бағынбаудан басталған. Салдарынан жігіттердің бірінің мұрны сынса, қалғандарында денесінің түрлі тұстары көгеріп қалған.
- Оқиға салдарынан бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алды – олардың денелері жырылып, көгерген. Қажетті медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмады, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тараған мәліметте, төбелеске Тәжікстанның курсанттары да қатысқан.

Ұқсас материалдар

Қызылжардағы "қырғын": Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды · Todayinfo