Қызылордада «HRT» қаржы пирамидасы жойылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елд

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметін тоқтатты.
Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.
Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген.
Негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын.
200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген.
Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 миллион теңгеден асты.
Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Ұқсас материалдар

Қызылорда облысы
Қызылордада Эколог күніне орай «Эколог сағаты» шарасы өтті
Todayinfo редакциясы·

Қызылорда облысы
Қызылордада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды акция өтті
Todayinfo редакциясы·

Қызылорда облысы
Балаларға базарлық: Қызылордада ботаникалық бақ пайдалануға берілді
Todayinfo Admin·

Қызылорда облысы
Қызылордада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
Жаннұр Еділбаева·