Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қызылордада халықаралық жиын: жас мамандар медицинаны қалай өзгертеді?

Қызылордада болашақ медицина мамандарының басын қосқан халықаралық конференция басталды. Жиында инновациялық идеялар мен цифрлық технологиялар талқылануда.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қызылордада халықаралық жиын: жас мамандар медицинаны қалай өзгертеді?

Қызылордада денсаулық сақтау саласының болашағына арналған «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Шараның салтанатты ашылуы жергілікті «Өнер орталығында» өтті. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов халықаралық деңгейдегі басқосуға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ жиында Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстарын дамыту департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Алмағамбетова, AMANAT партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, UNFPA Kazakhstan өкілі Надежда Хе және Global Sapa халықаралық академиясының құрылтайшысы Тлектес Шинчужинова сөз сөйлеп, жас мамандарды даярлаудың маңызына тоқталды.

Ресми ашылудан кейін конференция Қызылорда медициналық жоғары колледжінде жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның негізгі мақсаты – болашақ медицина мамандарының кәсіби және ғылыми әлеуетін біріктіру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар медициналық білім берудегі инновациялық идеялар мен цифрлық технологияларды талқылау көзделген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар