"Ұлттық киімнің әрбір ою-өрнегінде халқымыздың терең тарихы мен рухани коды жатыр. Бұл – біздің болмысымыз бен бірегейлігіміздің көрінісі", - деді ол.Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған бұл шеру Наурыз мейрамының ажарын ашып, қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Фото: Әлеуметтік желіден
Қызылорда көшелері ұлттық киімге оранды: мыңға жуық адам шеруге шықты
Қызылордада «Ұлт мұрасы – ұлттық киім» атты ауқымды шеру өтті. Мыңға жуық тұрғын ұлттық нақышта киініп, қала көшелерімен жүріп өтті.

Қызылордада «Ұлт мұрасы – ұлттық киім» атты салтанатты шеру өтіп, оған мыңға жуық адам қатысты. Бұл шара қазақтың бай мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық болмысты айшықтауға бағытталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ыбырай Жақаев көшесінен бастау алған шеруге мәдениет саласының өкілдері, «Сырлы саз» этно-фольклорлық ансамблі, этномәдени бірлестіктер және Ассамблея жастары жиналды. Олар ұлттық киімдерімен көшеде жүріп, халық әндерін шырқады.
Мерекелік шара Өнер арбатында жалғасып, көпшілік «Қаражорға» биін тамашалады. Сонымен қатар, «Күміс домбыра – 2025» иегері Бексұлтан Орынбасар өзінің жүрекжарды арнауын оқыды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, ұлттық киімнің маңызына тоқталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·