Қытайда банктің экс вице-төрағасы өлім жазасына кесілді
Фото: istockphoto.com Қытайдың Шаньдун провинциясындағы сот Bank of China банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэні пара алу және заңсыз несие беру айыптары бойынша өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Сот үкімі екі жылға кейінге қалдырылды. Е

Фото: istockphoto.com
Қытайдың Шаньдун провинциясындағы сот Bank of China банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэні пара алу және заңсыз несие беру айыптары бойынша өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сот үкімі екі жылға кейінге қалдырылды. Егер осы мерзім ішінде сотталушы басқа қылмыс жасамаса, үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Сондай-ақ, Лю Ляньгэ барлық жеке мүлкінен айырылып, саяси құқықтарынан өмір бойына шеттетілді.
Тергеу мәліметтері бойынша, Лю Ляньгэ 121 миллион юань (шамамен 16,8 миллион доллар) көлемінде пара алған. Бұл қаражат заңсыз несиелерді рәсімдеуге көмектесу үшін алынған.
Лю Ляньгэнің ісі Қытайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күшеюінің бір көрінісі. Мысалы, 2024 жылдың қазан айында Қытай Халық банкінің (Орталық банк) бұрынғы төраға орынбасары Фань Ифэй 55 миллион доллар пара алғаны үшін екі жылға кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілген болатын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·